27 қараша күні Қазақстанның ерлер баскетбол құрамасы FIBA-2029 Азия кубогының алдын ала іріктеу кезеңінің екінші раундындағы алғашқы матчын өткізді.
Қарсылас Кувейт құрамасы болды. Ойын тартысты өтіп, ақыры Қазақстан құрамасының 85:87 есебімен жеңілісімен аяқталды.
Енді қазақстандықтар 28 қараша күні Бахрейн құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы екінші кезеңге Мальдив, Қырғызстан және Шри-Ланкадан басым түсіп, Палестинадан жеңілгеннен кейін шыққан болатын.