weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Зейнеп Баянова әлем рейтингінде екінші орынға көтерілді

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова 50 килограмға дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің екінші сатысына шықты. Ол Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатындағы нәтижесінен кейін жетістікке жетті.

Зейнеп Баянова әлем рейтингінде екінші орынға көтерілді Зейнеп Баянова әлем рейтингінде екінші орынға көтерілді
Sports.kz

Қазақстан әйелдер күресі құрамасының өкілі Зейнеп Баянова 50 килограмға дейінгі салмақтағы әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді.

23 жастағы балуан бірден жеті саты жоғарылап, 55 275 ұпай жинады. Осылайша ол 55 000 ұпайы бар Олимпиада чемпионы жапониялық Юи Сусакуды артта қалдырды. Рейтингтің көш басында үндістандық Нилам тұр — оның еншісінде 55 600 ұпай бар.

Баянова мұндай нәтижеге Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтті өнерінен кейін қол жеткізді. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол Беларусь өкілі Наталья Варакинадан 6:1 есебімен басым түсіп, Қазақстанға турнирдегі әйелдер күресіндегі жалғыз жүлдені сыйлады.

Жаңа олимпиадалық циклде рейтингтік турнирлердің маңызы арта түсті. UWW енгізген өзгерістерге сәйкес, әлемдік рейтинг 2028 жылғы Лос-Анджелестегі Олимпиадаға жолдама беретін негізгі тетіктердің біріне айналады.

.

Көп оқылды:

.
.