weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 21
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ЕО ресейлік спортқа қатысты қаржыландыру талаптарын қатаңдатты

Еурокомиссар Гленн Микаллеф Еуроодақ Ресей спортшыларына ұлттық туы, әнұраны және рәміздерімен шығуға мүмкіндік беретін ұйымдарды қаржыландырудан шектейтінін мәлімдеді. Бұл талаптар 2027 жылғы Erasmus+ бағдарламасының спорт бағытына қатысты.

ЕО ресейлік спортқа қатысты қаржыландыру талаптарын қатаңдатты ЕО ресейлік спортқа қатысты қаржыландыру талаптарын қатаңдатты
Sports.kz

Еурокомиссар Гленн Микаллеф Еуроодақ халықаралық спорт ұйымдарына бөлінетін қаржыға жаңа шектеулер енгізгенін хабарлады. Енді Ресей спортшыларына ұлттық туы, әнұраны және мемлекеттік рәміздерімен жарысуға мүмкіндік беретін ұйымдар қаржыландыру ала алмайды.

Микаллеф бұл талаптар 2027 жылға арналған Erasmus+ бағдарламасына қатысты екенін жазды. Оның айтуынша, Ресей спортшыларына өз елінің туы, әнұраны немесе ұлттық белгілерімен шығуға жол берген халықаралық федерациялар мен жарыс ұйымдастырушылары спорттық бағыттағы қаржыландырудан тыс қалады.

«Спорт Ресейдің Украинаға қарсы соғысын заңдастырмауы керек! Кеше басталған #Erasmus+ 2027 байқауы аясында Ресей спортшыларына Ресей туы, әнұраны немесе ұлттық рәміздерімен қатысуға рұқсат беретін халықаралық басқарушы органдар мен жарыс ұйымдастырушылары спорттық бағыттардан шеттетілді»

Erasmus+ бағдарламасы коммерциялық емес спорт жобаларын, соның ішінде халықаралық жарыстар ұйымдастыруды, допингке және келісілген ойындарға қарсы жұмысты, сондай-ақ бапкерлер мен спорт мамандарымен алмасуды қолдайды. Грантқа халықаралық және ұлттық федерациялар, ұлттық олимпиада комитеттері мен спорт клубтары үміткер бола алады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Ресей спортшыларына ұлттық символикамен өнер көрсетуге мүмкіндік берген ұйымдар Еуроодақтың осы бағдарламасы аясындағы қаржыландыруға қол жеткізе алмайды.

.

Көп оқылды:

.
.