Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени клубпен келісімшартын 2032 жылға дейін ұзартқаннан кейін өз әсерімен бөлісті.
Француз футболшысы үшін мадридтік ұжымның сапында, «Бернабеуде» және әлемнің кез келген нүктесінде өнер көрсету — үлкен мәртебе екенін айтты.
«Мадридтік «Реалда» ойнау, мадридтік жанкүйерлер үшін, «Бернабеуде» және әлемнің кез келген жерінде өнер көрсету — бұл артықшылық. Осы сапарды жалғастыру мүмкіндігі — керемет сезім. Сенім мен қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет. Соңғы бірнеше жылда бөліскен тамаша сәттерімізді жылы еске аламын, бірақ ең бастысы — алда әлі жазылар көптеген тарауларды тағатсыздана күтемін, өйткені бізге бірге жазатын әңгіме көп».
Тчуамени осы маусымда «Реал» сапында 10 матч өткізді: оның екеуі Ла Лигада, сегізі Чемпиондар лигасында. Француз жартылай қорғаушысының еншісінде бір нәтижелі пас бар.