weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ФИФА 2027 жылғы президент сайлауына үш үміткерді бекітті

Халықаралық футбол федерациясы 2027 жылы өтетін президент сайлауына қатысатын үш кандидаттың есімін жариялады. Қазіргі басшы Джанни Инфантино тағы бір мерзімге таласады.

ФИФА 2027 жылғы президент сайлауына үш үміткерді бекітті ФИФА 2027 жылғы президент сайлауына үш үміткерді бекітті
Sports.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2027 жылы өтетін президент сайлауына ресми түрде үш үміткерді ұсынды.

ФИФА-ның ресми мәлімдемесіне сәйкес, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұйымға ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынған үш кандидат түскен. Олар — қазіргі президент Джанни Инфантино, Франция футбол федерациясының басшысы Филипп Диалло және Жапония футбол қауымдастығының құрметті президенті Кодзо Таcима.

Диаллоға еуропалық футбол қауымдастықтарының, атап айтқанда УЕФА Атқару комитеті мен ФИФА Кеңесіндегі өкілдердің қолдауы берілді. Бұл шешім 16 қарашада УЕФА президенті Александер Чефериннің төрағалығымен өткен отырыста бірауыздан қабылданған. Ал Жапония футбол қауымдастығы 17 қарашада Тасиманың кандидатурасын ресми түрде ұсынды.

ФИФА регламентіне сай, үш өтінімнің барлығы сайлау комиссиясына жолданып, үміткерлердің талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Кандидаттардың соңғы тізімі ұлттық қауымдастықтарға 2027 жылғы 18 ақпаннан кешіктірілмей хабарлануы тиіс.

ФИФА президентін сайлау 2027 жылғы 18 наурызда Мароккодағы Рабат қаласында өтетін ұйымның 77-конгресі аясында ұйымдастырылады. Джанни Инфантино 2016 жылдың ақпанынан бері әлемдік футболды басқарып келеді. 2023 жылы ол қарсылассыз қайта сайланған еді, енді бұл жолы сайлауда басқа үміткерлермен бәсекеге түседі.

.

Көп оқылды:

.
.