weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Криштиану Роналду мансабындағы 986-голын соқты

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Ахли» қақпасын дәл тауып, клубтар мен ұлттық құрамадағы ресми голдары бойынша өз рекордын жаңартты. Бұл – португал шабуылшысының мансабындағы 986-гол.

Криштиану Роналду мансабындағы 986-голын соқты Криштиану Роналду мансабындағы 986-голын соқты
Sports.kz

«Әл-Наср» капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Ахли» қақпасын дәл тауып, клубтар мен ұлттық құрама сапындағы ресми голдары бойынша әлемдік рекордын тағы жаңартты.

Қонақтағы кейінге шегерілген тоғызыншы тур ойынында Роналду 14-минутта есеп ашты. «Әл-Ахли» қорғаушыларының қателігін пайдаланып, 41 жастағы шабуылшы допты алып, бұрылыс үстінде Эдуар Менди қақпасының алыс бұрышына дәл соқты. Осылайша, «Әл-Наср» 1:0 есебімен алға шықты.

Бұл гол Роналду үшін клуб деңгейіндегі 840-шысы болды. Бұған қоса, ол Португалия құрамасы сапында 146 гол соққан. Сөйтіп, оның жалпы ресми голдарының саны 986-ға жетті.

Португалиялық жұлдызға 1000 гол межесіне жету үшін тағы 14 гол қажет.

.

Көп оқылды:

.
.