Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан Олимпиададан кейін кәсіпқой боксқа өтетінін нақтылады. Ол бұл жоспарын «Sport Talks Podcast» бағдарламасында айтып, басты мақсаты Геннадий Головкиннің жетістігінен асып түсу екенін жеткізді.
Сабырханға қойған сұрақтардың бірінде оның Олимпиадада жеңіске жетсе, кәсіпқой боксқа ауысатыны айтылды. Боксшы бұл шешімінің түпкілікті екенін білдірді.
«Иә. Мен кішкентай кезімнен ағам Махмұд сияқты чемпион болуды армандадым. Қазір біздің ағамыз Головкинді бүкіл әлем біледі, ол кәсіпқой бокста өзін дәлелдеді — менің мақсатым одан да асып түсу. Бірақ мұның бәрі Олимпиададан кейін»
Торехан Сабырхан Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі саналады. Ол жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы, 2025 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы.
Қазіргі таңда Сабырхан World Boxing ұйымының 70 келіге дейінгі салмақтағы әлемдік рейтингінде бірінші орында тұр.
XXXIV жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылғы 14-30 шілде аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.