Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Рүстем Құдайбергенов Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде россиялық Эжер Олчоновты жеңді.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтіп, бой кешінің қосалқы басты айқасы болды. Құдайбергенов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты.
Кездесу қарсаңында Құдайбергеновтің кәсіби ММА-дегі көрсеткіші 9 жеңіс пен 9 жеңілістен тұрған еді. Ал Олчоновтың есебінде 4 жеңіс және 4 жеңіліс болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Енді оның рекорды — 10-9.
Ал Олчонов үшін бұл мансабындағы бесінші жеңіліс болды. Қазір оның көрсеткіші 4-5.