Ресейлік экс-чемпион Хабиб Нұрмағомедов (29-0) БАӘ билігімен өзінің туысы, PFL чемпионы Усман Нұрмағомедовтің (22-0) және Абу-Дабидегі қонақүйде болған төбелеске қатысқан өзге де адамдардың босатылуы жөнінде келісімге келген.
Хабарға қарағанда, әуелі Усманның айналасындағы адамдар бұл мәселені Хабибсіз-ақ шешуге тырысқан. Алайда жағдай күрделене түскен соң, олар үлкен ағасына жүгінген.
Хабиб алдымен Дана Уайтқа және америкалық серіктестерге көмектесуді сұрағанымен, олар БАӘ-де заң бөлек екенін, мұндай мәселені АҚШ-тағыдай шешу мүмкін болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ол тікелей Эмират билігімен сөйлесу үшін БАӘ-ге өзі барған.
Келіссөз ұзаққа созылып, ақырында тараптар бәрін кезең-кезеңімен босатуға тоқтаған. Алдымен бір топ бойжеткендерге тиіскен бойлер емес, төбелеске қатысқан жігіттердің алғашқы тобы кеше босатылған, кейін екінші топтың да бостандыққа шыққаны айтылды. Сол топтың ішінде Усман Нұрмағомедов те болған.
Сонымен бірге Нұрмағомедов шейхтарға бұл оқиғаға қатысқандардың ешқайсысы жағдайға қатысты көпшілік алдында, яғни сұхбатта немесе стористе, пікір білдірмейтінін де айтқан.