weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Стас Покатилов «Барселонаға» қарсы матчқа негізгі құрамда шығады

Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда «Барселонамен» өтетін ойынға негізгі құрамын жариялады. Халықаралық матч 25 қарашада Бакуде өтеді.

Стас Покатилов «Барселонаға» қарсы матчқа негізгі құрамда шығады Стас Покатилов «Барселонаға» қарсы матчқа негізгі құрамда шығады
Sports.kz

Әзербайжанның «Сабах» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда испандық «Барселонаға» қарсы өтетін матчқа негізгі құрамын жариялады.

Кездесу 25 қараша күні Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 22:45-ке белгіленген.

Хозяиндер сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов алаңға шығады. Ол сонымен бірге команданың капитаны болып табылады.

«Сабахтың» негізгі құрамы: Покатилов, Сольве, Рахмоналиев, Нвачукву, Алиев, Лепиница, Пухач, Эривалдо Алмейда, Северина, Ду Кейрос, Зедадка.

Төрт турдан кейін «Барселона» тоғыз ұпаймен сегізінші орында тұр. Ал «Сабах» үш ұпай жинап, 30-орында келеді.

.

Көп оқылды:

.
.