weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Реал» ПСВ-ны ірі есеппен ұтып, Чемпиондар лигасында көш бастады

Мадридте өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур ойынында «Реал» нидерландтық ПСВ-ны 5:1 есебімен жеңді. Кездесу барысында мадридтіктер екінші таймда төрт гол соғып, сенімді камбэк жасады.

«Реал» ПСВ-ны ірі есеппен ұтып, Чемпиондар лигасында көш бастады «Реал» ПСВ-ны ірі есеппен ұтып, Чемпиондар лигасында көш бастады
Sports.kz

Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында испандық «Реал» нидерландтық ПСВ-ны ірі есеппен ұтты — 5:1.

Ойынның 32-минутында ПСВ сапынан Иван Перишич пенальтиден гол соқты. Алайда екінші таймда алаң иелері басымдықты толық өз қолына алды.

«Реал» құрамында Федерико Вальверде 50-минутта, Джуд Беллингем 60-минутта, Килиан Мбаппе 64-минутта және 84-минутта, ал Винисиус Жуниор 87-минутта гол авторы атанды.

Осы жеңістен кейін мадридтік клубтың еншісінде 15 ұпай бар. ПСВ болса бес кездесуден кейін үш ұпаймен қалып отыр.

Келесі турда «Реал» сырт алаңда ағылшынның «Арсеналымен» кездеседі. Ал ПСВ өз алаңында испандық «Атлетикомен» ойнайды.

.

Көп оқылды:

.
.