weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мбаппе Чемпиондар лигасында 28 жасқа дейін 75 гол соққан екінші ойыншы атанды

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе ПСВ-ға қарсы матчта дубль жасап, Чемпиондар лигасындағы голдарының санын 76-ға жеткізді. Осылайша ол турнир тарихында 28 жасқа дейін 75 гол соққан екінші футболшы болды.

Мбаппе Чемпиондар лигасында 28 жасқа дейін 75 гол соққан екінші ойыншы атанды Мбаппе Чемпиондар лигасында 28 жасқа дейін 75 гол соққан екінші ойыншы атанды
Championat Футбол

Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 5-турда ПСВ қақпасына дубль жасады. Кездесу 5:1 есебімен аяқталды.

Франциялық футболшы 64-ші және 84-ші минуттарда гол соғып, бір нәтижелі пас та берді. Осы матчтан кейін оның Чемпиондар лигасындағы жалпы гол саны 76-ға жетті.

Бұл көрсеткіш Мбаппені турнир тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде бесінші орынға шығарды. Одан тек Карим Бензема (90), Роберт Левандовский (109), Лионель Месси (129) және Криштиану Роналду (140) ғана алда тұр.

Сонымен бірге Мбаппе Чемпиондар лигасында 28 жасқа толғанға дейін 75 гол соққан тарихтағы екінші ойыншы атанды. Бұған дейін мұндай межеге тек Лионель Месси жеткен.

.

Көп оқылды:

.
.