31 жастағы кубалық боксшы Энди Крус Уфада өткен 12-раундтық жекпе-жекте ресейлік Артур Субханкуловты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді: 112-114, 116-110, 116-110.
Осылайша Крус IBF нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуін иеленді. Бұл Артур Субханкуловтың кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болды.
Крус жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді, алайда кездесу толық 12 раундқа созылды.
Энди Крус кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2023 жылғы 15 шілдеде өткізген. Ол Токио Олимпиадасының 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы.
Кубалық боксшының кәсіпқой рингтегі нәтижесі — сегіз жеңіс, соның төртеуі нокаутпен, және бір жеңіліс.