weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 23
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бивол Бетербиевпен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Дмитрий Бивол Артур Бетербиевпен өткен айқастарды мансабындағы ең ауыр жекпе-жектер деп атады. Ол қажет болса, үшінші кездесу өткізуге қарсы емес екенін айтты.

Бивол Бетербиевпен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді Бивол Бетербиевпен үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді
Sports.kz

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (25-1, 12 КО) Артур Бетербиевпен (21-1, 20 КО) арадағы тартысты тағы бір мәрте еске алып, үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

— Бұл менің мансабымдағы ең ауыр айқастар болды. Ол — керемет, күшті боксшы. Онымен жұдырықтасу маған көп энергия жұмсатты. Бірақ егер жұрт үшінші жекпе-жекті көргісі келсе, менің де онымен қайта кездесуге қарсы емеспін. Алайда қазір Сауд Арабиясының қатысуынсыз бұл кездесуді ұйымдастыру қиынырақ екенін білеміз. Мұны Эдди Хирнмен талқылаған дұрыс, ол егжей-тегжейін жақсырақ айтады. Ұйымдастыруға қатысты барлық мәселе промоутердің мойнында, — деді Бивол.

Бивол мен Бетербиевтің алғашқы кездесуі 2024 жылдың қазан айында өтіп, Бетербиев төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткен еді. Ал 2025 жылдың ақпанында Бивол қарымта қайтарып, дәл сондай шешіммен басым түсті.

.

Көп оқылды:

.
.