Қатардың Доха қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 294 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жектерінің қатарында Қазақстан өкілдері Дияр Нұрғожай мен Асу Алмабаев та өнер көрсетті.
Дияр Нұрғожай америкалық Алик Лоренцті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл — қазақстандық спортшы үшін маңызды табыс болды.
Асу Алмабаев жапониялық Кёдзи Хоригутиге қарсы кездесуінде жеңіліп қалды. Төрешілер жекпе-жекті бірауыздан Хоригутидің пайдасына берді.
Турнирдің өзге нәтижелері де белгілі болды: Джон Митчелл Шоаиб Юсафты бірінші раундта нокаутпен ұтты, Амир Альбази Алессандро Костаны үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Сондай-ақ Икрам Алискеров Джаред Каннонирді, Дэн Хукер Брайан Ортеганы, ал Кевин Вальехос Алджамейн Стерлингті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Турнир аясында Тахир Абдуллаев Джейк Мэттьюсті, Дом Мар Фан Николас Моттаны, Таллисон Тейшейра Шамиль Газиевті, ал Сантьяго Луна Александр Топурияны жеңді.