Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы Минскінің «Динамосына» қарсы үйдегі матчқа арналған құрамын жариялады.
Қақпада Шутов ойынды бастайды, қосалқы құрамда Николаев бар. Қорғаныста Масси — Данияр, Маккошен — Дэй, Бритиков — Приски, Диханбек — Шестаков жұптары жасақталды.
Шабуыл шебінде Саркенов — Шайхмедденов — Асетов, Морелли — Пилон — Бэйли, Омирбеков — Томпсон — Кайыржан, сондай-ақ Симонов — Логвин — Ляпунов үштіктері мұзға шығады.
Кездесу 16:30-да Астана уақытымен басталады және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қос команда да 28 ойыннан кейін 29 ұпайдан жинаған.
Соңғы турда «Барыс» сырт алаңда омбылық «Авангардқа» 1:3 есебімен жол берсе, Минскінің «Динамосы» Нижнекамскідегі «Нефтехимикті» буллит сериясында 2:1 есебімен жеңді.