weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 17
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

НХЛ «Харт Трофи» жүлдесіне басты үміткерді атады

Маусымның алғашқы ширегінен кейін сарапшылар Коннор Макдэвидті НХЛ-дің ең құнды ойыншысы жүлдесінің негізгі фавориті деп тапты. Кірилл Капризов екінші орынға жайғасты.

НХЛ «Харт Трофи» жүлдесіне басты үміткерді атады НХЛ «Харт Трофи» жүлдесіне басты үміткерді атады
Sports.kz

Канада құрамасының капитаны, «Эдмонтон Ойлерз» ойыншысы Коннор Макдэвид НХЛ-дің «Харт Трофи» жүлдесіне басты үміткер атанды. Бұл мәртебе тұрақты чемпионаттағы ең құнды ойыншыға беріледі.

Маусымның алғашқы ширегінен кейін өткен сарапшылар сауалнамасында 15 маманның бәрі Макдэвидті бірінші орынға қойған. Соның арқасында ол ең жоғары көрсеткіш — 75 балл жинады.

Екінші орынға 50 балмен «Миннесотаның» ресейлік шабуылшысы Кирилл Капризов жайғасты. Үздік үштікті «Колорадоның» канадалық форварды Натан Маккиннон түйіндеді — оның еншісінде 38 балл бар.

Макдэвид бұл жүлдені бұған дейін үш рет жеңіп алған. Қазір ол 24 матчта 55 ұпай жинап, НХЛ бомбардирлер жарысында көш бастап тұр.

Канадалық шабуылшы маусымды қатарынан 23 нәтижелі ойынмен бастаған еді. Бұл серия «Тампа-Бэйге» қарсы кездесуде үзілді, ол ойында «Эдмонтон» 1:3 есебімен жеңілді. 21 қарашада «Ойлерз» «Каролинамен» кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.