weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

UFC Топурияның келесі қарсыласын анықтады

Илия Топурияның келесі айқасы жеңіл салмақтағы чемпион Джастин Гэтжиге қарсы өтеді. Бұл — екі спортшы арасындағы реванш болмақ.

UFC Топурияның келесі қарсыласын анықтады UFC Топурияның келесі қарсыласын анықтады
Sports.kz

UFC испан-грузин файтері, бұрын екі салмақта чемпион атанған Илия Топурияның (17-1) келесі қарсыласын белгіледі. Ол жеңіл салмақтағы белбеу иесі америкалық Джастин Гэтжи (28-5) болады.

Бұл жекпе-жек қос спортшының реваншы болмақ. Комментатор Джон Аниктің UFC ішінде Топурияға чемпиондық белдеу үшін дереу қайта кездесу беру мәселесі талқыланып жатқанын айтқаннан кейін осы ақпарат белгілі болды.

Инсайдер Рубен Картердің жазуынша, Гэтжи мен оның командасы алдағы, әрі ықтимал соңғы жекпе-жегінен түсетін қаржылық түсімді есептеп шыққан. Сол талдаудан кейін олар Топуриямен қайта айқасу Арман Царукянға қарсы кездесуден гөрі көбірек табыс әкеледі және мұрасына да жақсырақ әсер етеді деген қорытындыға келген.

Екі файтердің алғашқы айқасы биыл маусым айында Вашингтонда (АҚШ) өткен UFC Freedom 250 турнирінде ұйымдастырылған еді. Сол кезде америкалық спортшы төртінші раундтан кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, Топурияға кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін сыйлап, чемпиондық белбеуді тартып алған.

.

Көп оқылды:

.
.