weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 21
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлем кубогының финалдық кезеңінде текетіреседі

Ташкентте өтіп жатқан World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық және өзбекстандық боксшылар жартылай финалда жолығады. Екі салмақтағы жекпе-жек Қазақстан үшін шешуші сын болмақ.

Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлем кубогының финалдық кезеңінде текетіреседі Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары әлем кубогының финалдық кезеңінде текетіреседі
Sports.kz

Ташкентте өтіп жатқан World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жартылай финалда өзара кездеседі.

80 келі салмақта Өнер Сейілхан өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен жұдырықтасады. Бұл — Умматалиевтің турнирдегі алғашқы жекпе-жегі. Ал Сейілхан жарысты қырғызстандық Алмаз Орозбековті жеңуден бастаған еді.

85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы жарыстағы алғашқы айқасын дәл жартылай финалда өзбекстандық Норбек Абдуллаевқа қарсы өткізеді.

World Boxing әлем кубогының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы екі жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілді. Жеңіске жеткендер қатарында Өнер Сейілхан (80 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) бар. Ал Даниял Сабит (50 кг), Шұғыла Налибай (75 кг) және Валерия Аксенова (80 кг) қарсыластарына есе жіберді.

.

Көп оқылды:

.
.