weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әділ Боранбаев Мәскеудегі жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты

Қазақстандық файтер Әділ Боранбаев Мәскеуде өткен Fight Nights 145 турнирінде Дмитрий Бикревті ұтқан соң пікір білдірді. Ол жеңісінен кейін көрермендер мен ел жанкүйерлеріне ризашылығын жеткізді.

Әділ Боранбаев Мәскеудегі жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты Әділ Боранбаев Мәскеудегі жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты
Sports.kz

Қазақстандық жауынгер Әділ Боранбаев Мәскеуде өткен Fight Nights 145 турнирінде ресейлік Дмитрий Бикревтен басым түскеннен кейін көпшілікке жылы лебізін арнады.

Боранбаевтың айтуынша, көрермендердің қолдауы мұндай кештердің ерекше өтуіне үлкен әсер етеді. Ол Қазақстаннан келген жанкүйерлерге де, өзге елден жиналған спортсүйер қауымға да алғыс білдірді.

— Ассаламу алейкум, Москва! Баршаңызды құттықтаймын. Келіп, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Қазақстаннан болсын, басқа елдерден болсын — бәріңізге үлкен алғыс. Әуелі жанкүйерлерге, көрермендерге, бізді қолдап жүргендердің бәріне рахмет. Оларсыз біз мұндай шоу көрсетпес едік. Ұйымдастырушыларға да рақмет. Қазақстан, қолдауыңа көп рахмет! Алға, Қазақстан! — деді Боранбаев.

Кездесудің нәтижесінде қазақ файтері төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, жекпе-жекке дейін Бикрев фаворит саналған еді.

Дмитрий Бикрев бұған дейін Fight Nights лигасында жартылай орта салмақта чемпион болған. Ал Әділ Боранбаев Alash Pride лигасының чемпиондық белбеуін иеленген.

.

Көп оқылды:

.
.