Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің президенті Витольд Банька Астанада өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаеваға қатысты жағдайға тоқталды. Ол спортшының Азия ойындарындағы алтын медалінен айырылуын өкінішпен қабылдайтынын айтты.
«Шынымды айтсам, мен оған жаным ашиды. Бірақ бұл жағдай допингке байланысты емес. Қазақстанға алдыңғы сапарымда да осы сұрақ қойылғанын есімде сақтап отырмын. Мұның елде үлкен мәселе болып, қоғамда кеңінен талқыланғанын білемін», — деді Банька.
Оның айтуынша, бұл істі WADA түсіндіре алмайды, өйткені ол агенттіктің антидопингтік құзырына кірмейді. Банька мұндай мәселелерді халықаралық федерация өз ережелері мен рәсімдері аясында қарайтынын атап өтті.
Токсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында Жапонияда өткен марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші жеткенімен, кейін нәтижесі жойылған. Себеп — аяқ киіміне жүргізілген тексеріс: кроссовканың табаны World Athletics бекіткен шектен 3,5 миллиметрге қалың болып шыққан.
Осыдан кейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Спорттық арбитраж сотына апелляция берген.