weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бибісара Асаубаева 2027 жылғы фристайл шахматында Карлсенмен қайта кезігуі мүмкін

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2027 жылғы фристайл шахматынан әлем чемпионатында Магнус Карлсенмен қайта кездесуі ықтимал. Қазіргі таңда әйелдер мен ашық секциядағы алғашқы қатысушылардың тізімі белгілі болды.

Бибісара Асаубаева 2027 жылғы фристайл шахматында Карлсенмен қайта кезігуі мүмкін Бибісара Асаубаева 2027 жылғы фристайл шахматында Карлсенмен қайта кезігуі мүмкін
Sports.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2027 жылғы фристайл шахматынан әлем чемпионатында норвегиялық Магнус Карлсенмен қайта ойнауға мүмкіндік алуы мүмкін.

Турнирді ұйымдастырушылар іріктеліп қойған қатысушылардың тізімін және соңғы онлайн іріктеу кезеңдерінің тәртібін жариялады. Ашық секцияда әзірге Карлсеннен бөлек, АҚШ-тан Фабиано Каруана, Өзбекстаннан Нодирбек Абдусатторов, Германиядан Винсент Каймер және Үндістаннан Пранав Венкатеш қатысуға жолдама алған.

Әйелдер турнирінде де бес спортшының есімі белгілі болды. Асаубаевамен бірге Қазақстан атынан Алуа Нұрман сынға түседі. Қатысушылар қатарында сондай-ақ Харика Дронавалли, Динара Вагнер және Анна Музычук бар.

Әр секциядағы қалған үш орын Freestyle Friday сериясы және екі ашық онлайн іріктеу арқылы сарапқа салынады. Бұл кезеңдер 2026 жылғы 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында, сондай-ақ 2027 жылғы 3-7 қаңтарда өтеді.

Әйел шахматшылардың ашық секцияға да ерлермен қатар қатысуға құқығы бар. Сондықтан Асаубаева жалпы турнирге жолдама алып, сәтті өткен жағдайда Карлсенге қарсы тақтаға қайта отыруы мүмкін.

Айта кетейік, жақында Будапештте өткен Total Chess сериясындағы екі күндік матчта қазақстандық шахматшы норвегиялық гроссмейстерге есе жіберген еді. Сол кездесуде Карлсен соңғы рапид партияларында Асаубаеваға қарсы ойнаудан екі рет бас тартып, нәтижесінде техникалық жеңіліс алғанымен, жалпы есепте жеңісті өз пайдасына шешті.

2027 жылғы фристайл шахматынан әлем чемпионаты Германиядағы Вайсенхаус курортында өтеді. Әйелдер турнирі 5-7 ақпанға, ал ашық сайыс 12-14 ақпанға жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.