weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина WTA марапатынан кейін жанкүйерлерге алғыс айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымды әлемдік рейтингтің көшбасшысы ретінде аяқтағаны үшін алған WTA жүлдесінен кейін пікір білдірді. Ол жыл бойғы қолдау үшін жанкүйерлерге алғыс айтып, бұл табысты маусымның бастамасы ғана боларына үміт артты.

Елена Рыбакина WTA марапатынан кейін жанкүйерлерге алғыс айтты Елена Рыбакина WTA марапатынан кейін жанкүйерлерге алғыс айтты
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA тарапынан маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтағаны үшін берілген марапаттан кейін әсерімен бөлісті.

Ол жанкүйерлерге арнап жылы лебізін білдіріп, бір жыл бойы көрсетілген қолдаудың өзіне үлкен күш бергенін айтты.

«Всем привет. Просто хотела сказать большое спасибо всем за поддержку в течение всего года. Это был потрясающий год, и, да, такое сильное завершение — надеюсь, только начало. Так что ещё раз спасибо и увидимся в следующем году!» — деді Рыбакина WTA-ның инстаграмындағы жазбасында.

2026 жылғы маусым Рыбакина үшін мансабындағы ең сәтті кезең болды: ол 54 жеңіске жетіп, 14 рет жеңілді, жеті финалда ойнап, төрт титул иеленді. Сол қатарда Australian Open мен US Open турнирлеріндегі жеңістер де бар, бұл екі финалда да ол Беларусь өкілі Арина Соболенканы ұтты.

Сондай-ақ Рыбакина WTA турындағы эйстер саны бойынша көш бастады — 438 эйс орындады. Хардағы жеңістер саны да ерекше болды: ол бұл көрсеткіште 41 жеңіске жетті.

US Open-дағы табысынан кейін Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Қазан айында ол жылды көшбасшы ретінде аяқтайтынын мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, Қазақстан тарихындағы алғашқы, ал WTA тарихындағы 17-ойыншы теннисші атанды.

Қараша айында Индиан-Уэллсте өткен Итоговый турнирден кейінгі рәсімде оған Крис Эверттің ресми кубогы табысталды.

.

Көп оқылды:

.
.