weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты

Дияр Нұрғожай Дохадағы UFC Fight Night 294 турнирінен кейін елге оралып, жанкүйерлерге ризашылығын білдірді. Ол Алик Лоренцті мерзімінен бұрын жеңіп, 100 мың долларлық бонусқа ие болған еді.

Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты Дияр Нұрғожай UFC-дегі жеңісінен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты
Sports.kz

Қазақстандық жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC Fight Night 294 турнирінен кейін елге оралып, отандастарына жүрекжарды алғыс айтты. Ол бұл жеңісті бүкіл Қазақстанның ортақ табысы деп бағалады.

«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы! Жекпе-жектен кейін үш-төрт күн өтті, елге қайттық. Бізде бәрі жақсы. Енді Қазақстан халқына қасымызда болғандары үшін алғыс айтқым келеді. Бұл — біздің ортақ жеңісіміз. Алға, Қазақстан!

Баршаңызға рахмет. Қолдау көрсеткендердің, жанымыздан табылғандардың бәріне үлкен алғыс айтамын. Тоқтамаймыз, алға жылжимыз. Алға, Қазақстан!» — деді Нұрғожай Instagram сторисіндегі видеосында.

21 қараша күні Дохада өткен турнирде қазақстандық спортшы UFC-дегі дебютант, америкалық Алик Лоренцті (8-3) мерзімінен бұрын жеңді. Екінші раундтың басында Нұрғожай дәл соққан хай-кикпен қарсыласын есеңгіретіп, артынша партерде соққымен жекпе-жекті аяқтады. Кездесу техникалық нокаутпен раундтың 24-секундында біткен.

Әсерлі аяқталған жекпе-жек үшін UFC Нұрғожайды «Кештің үздік өнері» бонусымен марапаттап, 100 мың доллар табыстады. Бұл жеңіс оның UFC-дегі қатарынан үшінші табысы болды. Ұйымдағы рекорды — 3-2.

.

Көп оқылды:

.
.