Шахматтан әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджу өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен әлемдік титул үшін өткен матчтың алғашқы партиясынан кейін пікір білдірді.
«Сезімім бойынша, бұл шынымен де жоғары деңгейдегі партия болды. Позиция үнемі теңдей көрінді. Әдеттегідей, ұсақ қиындықтарды шешуге тура келді, бірақ, менің ойымша, екеуміз де өте жақсы партия өткіздік», — деді Гукеш.
Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған матч Женевада өтіп жатыр. Бірінші партиядан кейін есеп тең — 0,5:0,5.
Бұл кездесу тарихқа классикалық шахматтағы әлем чемпионаты үшін өткен ең жас қарсыласу ретінде енді. Матч басталған сәтте екі гроссмейстердің де жасы 20-да болған.