weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 15
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Санжар Еруланұлы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы 100 келіге дейінгі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Ол шешуші белдесуде жапониялық Сёкэй Хиранодан 11:0 есебімен басым түсті.

Санжар Еруланұлы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды Санжар Еруланұлы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында чемпион атанды
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 100 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Финалда Еруланұлы жапониялық Сёкэй Хираномен белдесті. Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы 11:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Санжар Еруланұлы жарысты алғашқы айналымнан күрессіз бастады. Одан кейін Германия өкілі Даниил Спиридоновты жеңді.

Келесі белдесуде ол италиялық Франческо Маццоннан басым түсіп, ширек финалда Әзербайжан спортшысы Давуд Намазлымен кездесуде жеңісті жұлып алды.

Жартылай финалда қазақстандық дзюдошы Испания өкілі Никита Юдановты ұтып, финалға жолдама алған еді. Ал шешуші сында Сёкэй Хиранодан да басым түсіп, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын сыйлады.

.

Көп оқылды:

.
.