weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сарри «Қайратты» Аталантаға қауіпті қарсылас деп бағалады

«Аталанта» бас бапкері Маурицио Сарри Алматының «Қайрат» клубын Лига конференциясының үшінші туры алдында қауіпті команда деп атады. Матч 5 қарашада Бергамода өтеді.

Сарри «Қайратты» Аталантаға қауіпті қарсылас деп бағалады Сарри «Қайратты» Аталантаға қауіпті қарсылас деп бағалады
Sports.kz

Италиялық «Аталанта» клубының бас бапкері Маурицио Сарри Алматының «Қайратын» Лига конференциясының жалпы кезеңіндегі үшінші тур қарсаңында қауіпті қарсылас деп бағалады.

Сарри Sky Sport арнасына берген сұхбатында «Қайраттың» соңғы 12 айда «Интерге» Сан-Сирода 1:2 есебімен, ал Лондонда «Арсеналға» 2:3 есебімен ұтылғанын еске салды. Оның айтуынша, футболы онша дамымаған деп саналатын елдердің өзі соңғы жылдары үлкен прогреске жеткен.

«Бұл — қауіпті команда. Оның үстіне, олар жақында бапкерін ауыстырды, сондықтан бізде талдауға арналған материал аз», — деді Сарри.

«Аталанта» Италия чемпионатында «Пармаға» 0:3 есебімен есе жібергеннен кейін Дзингониядағы клуб базасында қалып, еурокубок матчының дайындығын жалғастырып жатыр.

Екі турдан кейін Лига конференциясында бергамолықтардың еншісінде үш ұпай бар, ал алматылықтар бір ұпай жинаған. Кездесу 5 қарашада «Стадио ди Бергамо» стадионында өтіп, Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

.

Көп оқылды:

.
.