weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Аталанта» мен «Қайрат» матчын австриялық төрешілер басқарады

Лига конференциясының жалпы кезеңіндегі «Аталанта» — «Қайрат» кездесуіне қазылық ететін бригада анықталды. Бас төреші қызметін австриялық Юлиан Вайнбергер атқарады.

«Аталанта» мен «Қайрат» матчын австриялық төрешілер басқарады «Аталанта» мен «Қайрат» матчын австриялық төрешілер басқарады
Sports.kz

Австриялық төреші Юлиан Вайнбергер Италияның «Аталанта» клубы мен алматылық «Қайрат» арасындағы Лига конференциясының жалпы кезеңіндегі үшінші тур матчының бас қазысы болып тағайындалды.

Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Максимилиан Кольбич көмектеседі. Төртінші төреші міндеті Штефан Эбнерге жүктелді.

Видеоқайта қарау жүйесіне Алан Кияс жауап береді, ал оның көмекшісі — Йозеф Шпурны. Осылайша, алдағы кездесуге қатысатын төрешілер бригадасы толықтай Австрия өкілдерінен құралады.

Матч 5 қараша күні Бергамодағы «Атлети Адзурри д’Италия» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

.

Көп оқылды:

.
.