weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Батраков Чемпиондар лигасының сұрмергендер тізімінде Мбаппеден озды

«Галатасарай» шабуылшысы Алексей Батраков Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезеңнің сұрмергендер көшін бастап тұр. Оның еншісінде төрт гол бар.

Батраков Чемпиондар лигасының сұрмергендер тізімінде Мбаппеден озды Батраков Чемпиондар лигасының сұрмергендер тізімінде Мбаппеден озды
Sports.kz

«Галатасарайдың» шабуылшысы Алексей Батраков Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы жалпы кезеңнің үздік сұрмергендері қатарында бірінші орынды бөлісіп тұр.

Қазіргі таңда ресейлік шабуылшының еншісінде төрт гол бар. Ол бұл көрсеткіш бойынша Харри Кейнмен («Бавария»), Николо Тресольдимен («Брюгге»), Серу Гирассимен («Боруссия» Дортмунд), Эрмедин Демировичпен («Штутгарт»), Луис Суареспен («Спортинг») және Эрлинг Холандпен («Манчестер Сити») қатар тұр.

Батраков Килиан Мбаппе («Реал») мен Усман Дембелені («ПСЖ») басып озды — олардың әрқайсысында үш голдан бар. Ал «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль екі гол соққан.

.

Көп оқылды:

.
.