weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барыс» сапар алдындағы матчтарда екі хоккейшісінің жоқтығын түсіндірді

Астаналық клуб алдағы үш сырт алаңдағы матч алдында Владислав Нурек пен Мади Диханбектің жағдайына қатысты мәлімет берді. Нурек Қазақстан құрамасымен бірге, ал Диханбек емін жалғастырып жатыр.

«Барыс» сапар алдындағы матчтарда екі хоккейшісінің жоқтығын түсіндірді «Барыс» сапар алдындағы матчтарда екі хоккейшісінің жоқтығын түсіндірді
Sports.kz

Астананың «Барысы» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы үш сырт алаңдағы ойын алдында қатардағы екі хоккейшінің неге жоқ екенін хабарлады.

Клуб мәліметінше, қақпашы Владислав Нурек Қазақстан құрамасының сапында жүр. Ол ұлттық командамен бірге Азия чемпионатына дайындалып жатыр.

Ал қорғаушы Мади Диханбек қалпына келу үдерісін жалғастырып жатыр. Ол бұған дейін де астаналық команданың сырт алаңдағы алдыңғы сериясын өткізіп алған еді.

Сол ойындарда «Барыс» «Автомобилист», Минскінің «Динамосы» және «Шанхай Дрэгонс» клубтарымен кездескен болатын.

Енді астаналық команда 4 қарашада Челябідегі «Тракторға» қарсы матчпен сапарын бастайды. Одан кейін 6 қарашада Владивостокта «Адмиралмен», ал 8 қарашада Хабаровскіде «Амурмен» ойнайды.

.

Көп оқылды:

.
.