weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кравец 20 жастағы Асанәлі Саркеновтің ойынын жоғары бағалады

«Барыс» бапкері Михаил Кравец жас шабуылшы Асанәлі Саркеновтің еңбегін атап өтті. Ол «Тракторға» қарсы матчта мұз үстінде шамамен 13 минут өткізді.

Кравец 20 жастағы Асанәлі Саркеновтің ойынын жоғары бағалады Кравец 20 жастағы Асанәлі Саркеновтің ойынын жоғары бағалады
Sports.kz

Астаналық «Барыс» бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында Челябинскінің «Тракторына» қарсы өткен кездесуден кейін 20 жастағы қазақстандық шабуылшы Асанәлі Саркеновтің ойынына баға берді. Матч 1:2 есебімен аяқталды.

Кравецтің айтуынша, Саркенов соңғы ойындардың бәрінде бір деңгейде ойнап жүр: шайба үшін жақсы күреседі, тынымсыз жұмыс істейді, қақпа маңына ұмтылады және шайбамен сенімді әрекет етеді. Бапкер жас ойыншының пайдасы көп екенін айтып, оны алаңда жиі пайдалануының себебін де осымен түсіндірді.

«Ну, он, в принципе, все эти игры играл одинаково: хорошо борется, хорошо работает, старается лезть на ворота, играет с шайбой. То есть, ну, много положительных вещей. Где-то, может быть, не хватает немножко мысли в обороне. В целом он помогает команде, поэтому и получил столько времени игры», — деді Кравец.

Челябинскіде өткен ойында Саркенов шамамен 13 минут мұзда болды. Бұған дейінгі «Шанхай Дрэгонсқа» қарсы кездесуде ол ҚХЛ-дағы алғашқы шайбасын соғып, сол гол «Барысқа» жеңіс сыйлаған еді.

Астаналық клуб келесі матчын 6 қарашада Владивостокта «Адмиралға» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады.

.

Көп оқылды:

.
.