weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Низамеев «Барыспен» өткен матчтағы жеңіс жайлы пікір айтты

«Трактор» шабуылшысы Артемий Низамеев «Барысты» 2:1 есебімен ұтқан соң ойынның шешуші сәттерін атап өтті. Ол командасының қорғаныстағы жұмысы мен көпшілік құрамдағы голды ерекше атады.

Низамеев «Барыспен» өткен матчтағы жеңіс жайлы пікір айтты Низамеев «Барыспен» өткен матчтағы жеңіс жайлы пікір айтты
Sports.kz

«Трактор» шабуылшысы Артемий Низамеев ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы «Барысқа» қарсы ойында командасы 2:1 есебімен жеңіске жеткеннен кейін матчқа баға берді.

«Жиі жасалған шеттетулерден кейін аман қалуымыз жақсы болды, олар тең есепке әкеліп соғуы мүмкін еді. Өз голымызды көпшілік құрамда соқтық, сондықтан жалпы алғанда жақсы ойын болды», — деді Низамеев.

Оның айтуынша, үшінші кезеңдегі айыптар қарсыластың жылдам ойынымен байланысты болуы мүмкін: «Соперник өте жылдам, соның салдарынан артта қалып, подножкаға жиі барып қойдық. Бәлкім, содан осындай шеттетулер шыққан шығар».

20 жастағы «Трактор» түлегі биылғы маусымда 21 матч өткізіп, 8 ұпай жинады: 4 гол және 4 нәтижелі пас.

22 матчтан кейін «Трактор» Шығыс конференциясының турнир кестесінде 21 ұпаймен 11-орында тұр.

.

Көп оқылды:

.
.