weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Диёра Келдиёрова Ақтауда өткен турнирде чемпион атанды

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова Қазақстанда өткен Aktau Asian Open 2026 турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Әзербайжан өкілі Фарида Мирзаеваны мерзімінен бұрын ұтты.

Диёра Келдиёрова Ақтауда өткен турнирде чемпион атанды Диёра Келдиёрова Ақтауда өткен турнирде чемпион атанды
Sports.kz

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова Қазақстанда өткен Aktau Asian Open 2026 турнирінде жеңіске жетті.

52 келіге дейінгі салмақта өткен финалда өзбекстандық дзюдошы Әзербайжан спортшысы Фарида Мирзаеваны мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Келдиёрова жарысты ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде қазақстандық Нұрайлым Сәрсенбекті ұтты.

Жартылай финалда да тағы бір қазақстандық балуан Гүлхан Шыңғысханнан басым түсті.

Бұл — Келдиёрованың Париждегі Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми турнирі. Ол 2024 жылғы ойындарда дзюдодан тарихи алтын алып, жапониялық Ута Абэ мен косоволық Дистрия Красничиді жеңген еді.

.

Көп оқылды:

.
.