«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин алда «Қайсармен» өтетін Қазақстан Кубогының финалына және келісілген матчтар тақырыбына қатысты ойымен бөлісті.
Мартиннің айтуынша, «Ордабасы» алдында әрдайым ең биік міндеттер тұрады. Ол клубтың да, қаланың да, командада жұмыс істейтін адамдардың да амбициясы жоғары екенін атап өтті. Бапкердің сөзінше, мұндай деңгейдегі ұжым әр ойында тек жеңісті көздеуі керек.
«Финалға шыққан соң, мұнымен бәрі бітті деп ойлайтын бірде-бір команданы білмеймін. Әрине, матчтарды ұтқың келеді. Біз де солай: клуб та, ойыншылар да, бапкерлер де жеңіске ұмтылады», — деді ол.
Сонымен бірге Мартин команда сыртындағы әңгімелерге алаңдамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ұжымның назары толықтай келесі ойындарға, соның ішінде алдымен «Ақтөбеге» қарсы кездесуге ауған.
«Мен мұндай әңгімелерді футболдағы ұзақ жылдар бойы сирек еститін тақырып деп санаймын. Мен ондайдың жақтаушысы емеспін. Футбол бар, біз адал болуымыз керек. Ең алдымен өзімізге, жанкүйерлерге, Құдайға адал болуымыз керек», — деді Андрей Мартин.
Кубок финалы 7 қарашада Астанада өтеді. Ал бүгін қос команда чемпионатта кездесіп, Шымкент клубы сырт алаңда 4:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Қазір «Ордабасы» ҚПЛ кестесінде көш бастап тұр және «Қайраттан» төрт ұпай алда келеді.