Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 2026 жылғы U-23 жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов топ жарды.
Ресейлік спорт журналисі Вячеслав Абдусаламов қос чемпионмен кездесіп, Қазақстан балуандарының бұл жарыста үлкен әсер қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, қазақстандық спортшылардың өнері турнирдің басты оқиғаларының біріне айналған.
«Қазақ балуандары бұл әлем чемпионатында нағыз фурор жасады».
Айтбеков 60 килограммға дейінгі салмақта белдесіп, жарыс жолын сенімді өткізді. Финалда ол Әзербайжанның U-23 әлем чемпионы Эльмир Әлиевті 13:4 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Юсуф Ашрапов 72 килограммға дейінгі салмақта алтын медаль алды. Шешуші белдесуде ол Армения өкілі Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Лас-Вегастағы жастар арасындағы әлем біріншілігін екі алтынмен аяқтады.