weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дзюдодан әлем чемпионатының 7-күніне Қазақстаннан екі балуан шығады

10 қазанда Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның екі спортшысы татамиге шығады. Екеуі де 78 келіден жоғары салмақта белдеседі.

Дзюдодан әлем чемпионатының 7-күніне Қазақстаннан екі балуан шығады Дзюдодан әлем чемпионатының 7-күніне Қазақстаннан екі балуан шығады
Sports.kz

10 қазанда Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі.

Бұл күні татамиге Акерке Рамазанова мен Камила Берликаш шығады. Екеуі де 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдеседі.

Рамазанованың алғашқы қарсыласы — мысырлық дзюдошы Сафа Солиман. Ал Берликаш алғашқы айналымда Бельгия өкілі Габриэле Бувье-мен кездеседі.

Әлем чемпионаты 4 қазанда басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Жарыста барлығы 15 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Баку дзюдодан әлем біріншілігін екінші рет қабылдап отыр. Бұған дейін мұндай жарыс бұл қалада 2018 жылы өткен.

.

Көп оқылды:

.
.