Астаналық «Барыс» шабуылшысы Джастин Бэйли Құрлықтық хоккей лигасының 2026/2027 маусымында 10 шайба межесіне алғаш болып жетті.
Америкалық хоккейші бұл көрсеткішке омбылық «Авангардқа» қарсы үйдегі матчта қол жеткізді. Бэйли дубль авторы атанып, «Барыстың» 5:1 есебімен ірі жеңіске жетуіне көмектесті.
Осылайша, Бэйли қазіргі маусымдағы КХЛ-дың мергендер тізімінде жеке-дара көш бастады.
Михаил Кравец баптайтын астаналық клуб тұрақты чемпионаттың басында 13 матчтан кейін 16 ұпай жинады. «Барыс» 7 рет жеңіске жетіп, 5 рет ұтылды және бір ойында қосымша уақытта жеңіс тойлады.
Команда 31 шайба соғып, Шығыс конференциясында 3-орынға орнықты. Қазір «Барыстың» жеңісті сериясы қатарынан 3 матчқа жетті.