weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан U16 құрамасы «Вильярреалдан» жеңіліп, Batumi Cup-та екінші орын алды

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Батуми қаласында өткен Batumi Cup 2026 турнирінің финалында испаниялық «Вильярреалға» 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша команда жарыстың бас жүлдесін иелене алмады.

Қазақстан U16 құрамасы «Вильярреалдан» жеңіліп, Batumi Cup-та екінші орын алды Қазақстан U16 құрамасы «Вильярреалдан» жеңіліп, Batumi Cup-та екінші орын алды
Sports.kz

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузияның Батуми қаласында өткен Batumi Cup 2026 турнирінің финалында испаниялық «Вильярреалмен» кездесті.

Шешуші ойында қазақстандық футболшылар 0:3 есебімен жеңіліп, жарыстың жеңімпазы атана алмады.

Қазақстан құрамасы матчты Туран, Серік (капитан), Багытжан, Кригер, Абибулла, Бакыт, Ибатулла, Рустем, Бораналы, Бонет және Жанмурат құрамында бастады.

Айта кетейік, бұл екі команда турнир барысында бұған дейін де кездескен еді. Ол ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.

Batumi Cup 2026 аясында Қазақстан құрамасы «Динамо Батумиді» 5:0 есебімен ұтты, «Иберия 1999»-бен 1:1 есебімен тең ойнады, ал жартылай финалда Тбилисидің «Динамосын» 2:0 есебімен жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.