weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Динамо» «Рубинді» жеңіп, РПЛ-дің көшіне шықты

Мәскеудің «Динамосы» сырт алаңда Қазанның «Рубинін» 1:0 есебімен ұтып, Ресей Премьер-Лигасының оныншы турында маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Бактиер Зайнутдинов бұл кездесудің өтініміне енген жоқ.

«Динамо» «Рубинді» жеңіп, РПЛ-дің көшіне шықты «Динамо» «Рубинді» жеңіп, РПЛ-дің көшіне шықты
Sports.kz

Мәскеудің «Динамосы» сырт алаңда Қазанның «Рубинін» 1:0 есебімен жеңіп, Ресей Премьер-Лигасының оныншы турындағы кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Жалғыз гол 30-минутта соғылды. Қазандық команданың қорғаушысы Жахонгир Урозов допты өз қақпасына бағыттап, қонақтарды алға шығарды.

37-минутта «Рубин» бір ойыншысынан айырылды: Илья Самошников араласудан кейін тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал екінші таймда құрамалар саны теңесті — 82-минутта қонақтардың жартылай қорғаушысы Рубенс алаңнан шығарылды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов бұл матчқа өтінімге енгізілмеді.

Осы жеңістен кейін «Динамо» 22 ұпай жинап, турнир кестесінің бірінші орнына көтерілді. «Рубинде» 12 ұпай қалды.

.

Көп оқылды:

.
.