Шведиялық SvenskaFans порталының авторы Каспер Шёлин «Қайраттың» «Мьельбюден» 1:0 есебімен басым түсуінен кейін алматылықтардың қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынына ерекше тоқталды.
Журналист қонақтардың кездесудің басында белсенді бола алмағанын сынап, ұзақ үзіліс те алаң иелеріне кедергі болмағанын атап өтті. Оның пікірінше, «Қайрат» үш апта бойы футбол ойнамаған команда сияқты көрінбеді.
Шёлин шолуының бір бөлігін «Непреодолимый Анарбеков...» деп атап, қазақстандық қақпашының ойынына жоғары баға берді. «Және ол қандай тамаша ойнады!» — деп жазды автор.
Швед шолушысы жеңілістің басты себептері ретінде алғашқы отыз минуттағы енжарлықты және Анарбековтің сенімді сейвтерін көрсетті. Оның айтуынша, «Қайрат» ерте голдан кейін де қақпашысына арқа сүйей алды.
Кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты.