Әзербайжанға Лига чемпиондарының жалпы кезеңі аясындағы 5-турдағы «Сабах» — «Барселона» матчын көруге келген Ресей азаматы стадионда көз жұмды.
Оқиға 25 қараша күні Бакудегі «Олимпийский» стадионында өткен кездесудің екінші таймында болған. Көрерменге ойын үстінде кенеттен нашарлап кеткен.
Матчта «Барселона» 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қайтыс болған адамның мәйіті сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.