weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Қайрат» «Мьельбюді» ұтып, Конференциялар лигасында плей-офф аймағына көтерілді

Алматыда өткен матчта «Қайрат» шведтің «Мьельбю» клубын 1:0 есебімен жеңіп, Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Кездесуде қақпашы Темірлан Анарбековтің ойыны шешуші рөл атқарды.

«Қайрат» «Мьельбюді» ұтып, Конференциялар лигасында плей-офф аймағына көтерілді «Қайрат» «Мьельбюді» ұтып, Конференциялар лигасында плей-офф аймағына көтерілді
Sports.kz

Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» шведтің «Мьельбю» клубын минималды есеппен ұтып, Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі тұңғыш жеңісіне жетті.

Бұл ойын алматылықтар үшін плей-оффқа талас тұрғысынан аса маңызды болды. Алғашқы үш турдан кейін «Қайрат» небәрі 2 ұпай жинап, 27-орында тұрған еді. Ал «Мьельбю» үш матчтан кейін 7 ұпай еншілеп, үздік ондыққа кірген болатын.

Кездесудің басынан-ақ алаң иелері белсенді қимылдады. Марк Гуаль мен Эдмилсон алдыңғы шепте ойнады, алайда швед клубы қорғаныста сауатты әрекет етті. Дегенмен 14-минутта «Қайрат» есеп ашты: Гуаль орталықтан допты алып, сол қапталдағы Еркін Тапаловты тапты, ал ол бірінші тиіспен допты төменнен дәл соғып, алыстағы бұрышқа енгізді — 1:0.

Бірінші таймда Темірлан Анарбеков бірнеше мәрте командасын құтқарып қалды. 34-минутта Йеппе Кьердің пасынан кейін Али Юссеф қауіпті соққы жасады, алайда Анарбеков тосқауыл болды. 43-минутта Кьердің өзі қақпашымен бір-бірге шығып, гол соғуға өте жақын еді, бірақ Темірлан тағы да тойтарыс берді.

Екінші таймда да «Мьельбю» қарқын түсірмеді. 58-минутта Ойве Юккола алыстан бағыттаған соққысы қақпаның маңдайша ағашына тиіп қайтты. Осы сәттен кейін де қонақтар қысымды күшейткенмен, «Қайрат» қорғаныста сауатты ойнап, есепті сақтап қалды.

Осылайша, алматылық клуб Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде алғашқы жеңісіне жетіп, плей-оффқа жол ашатын маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Матчтағы ең үздік ойыншылардың бірі, сөзсіз, Темірлан Анарбеков болды.

.

Көп оқылды:

.
.