weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Месси Аргентина сапындағы қоштасу матчын 7 қазан түні өткізеді

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын Буэнос-Айресте Бенинге қарсы өткізеді. Кездесудің тікелей трансляциясы 04:00-де басталады.

Месси Аргентина сапындағы қоштасу матчын 7 қазан түні өткізеді Месси Аргентина сапындағы қоштасу матчын 7 қазан түні өткізеді
Sports.kz

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы қоштасу матчын 6-нан 7 қазанға қараған түні өткізеді.

Буэнос-Айресте өтетін жолдастық кездесуде Аргентина Бенин құрамасымен ойнайды. Ойынның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 04:00-де басталады.

Аргентина соңғы жолдастық матчтарында Боливияны 4:0 есебімен, Буркина-Фасоны 7:0 есебімен ұтқан еді. Ал Бенин Африка Ұлттар кубогының іріктеуінде Буркина-Фасомен 1:1 есебімен тең түсіп, Мавританияны 2:1 есебімен жеңді.

39 жастағы Месси Аргентина құрамасында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты және 68 нәтижелі пас берді.

Месси Аргентинамен бірге 2022 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ол 2014 және 2026 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Бұған қоса, ол 2008 жылғы Олимпиадада, 2022 жылғы КОНМЕБОЛ–УЕФА Кубогында және 2021, 2024 жылдары Америка кубогында жеңіске жетті.

.

Көп оқылды:

.
.