Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында сырт алаңда топ фавориті — Словакиямен күш сынасуға дайын. Фарер аралдарына қарсы өткен сәтті ойыннан кейін жігіттердің рухы көтеріліп, командаішілік ахуал керемет деңгейде.
Бас бапкер Джон ван ’т Шкиптің айтуынша, қарсылас бұл топтағы рейтингі ең жоғары команда және олардың әлеуеті мықты. Дегенмен, бұл фактор қазақстандықтарды қорқытпайды:
«Словакияның фаворит екені анық. Олардың Молдоваға қарсы өткізген матчын жіті қарап шықтық. Әсіресе, шабуыл шебі мен қорғаныстан жылдам өту фазасында өте қауіпті әрекет етеді. Командалық ойындары да ұйымдасқан. Бірақ біздің де өз мүмкіндіктеріміз мен жоспарларымыз бар. Бұл матчы асыға күтіп отырмыз», — деді маман.
Қазіргі таңда командадағы қалпына келтіру процесі жоғары деңгейде өтуде. Айтарлықтай жарақаттар немесе проблемалар жоқ. Кешкі жаттығудан соң барлық ойыншы алаңға шығуға 100% дайын болады деп күтілуде.
Бұл тек қана матч емес — Қазақстан құрамасының өз күшіне деген сенімін дәлелдейтін тағы бір үлкен сынақ болмақ!