Қазақстанның теннис құрамасы Кубок Дэвисі-2027 турнирінің Бірінші әлемдік группа плей-офф кезеңінде Ливанмен кездеседі.
Жеребе нәтижесінде бұл қарсыластықта Қазақстан номиналды қожайын мәртебесін алды.
Плей-офф матчтары 2027 жылдың басында өтеді. Жеңімпаз Бірінші әлемдік группадағы жарысын жалғастырады, ал ұтылған команда Екінші әлемдік группаға түседі.
Қазақстан ерлер құрамасы бұл кезеңге Таиландқа қарсы өткен үйдегі ойында 3:2 есебімен жеңіске жеткеннен кейін жолдама алды. Ол матчтар 18–19 қыркүйекте Астанада өткен еді.
Жеребе бойынша Қазақстан мен Ливаннан бөлек тағы 12 жұп анықталды. Олардың ішінде Финляндия — Жаңа Зеландия, Польша — Доминикан Республикасы, Болгария — Парагвай, Түркия — Тунис, Колумбия — Мексика, Грекия — Словения кездесулері бар. Параллель бөлікте Швеция Украинамен, Швейцария Мароккомен, Португалия Румыниямен, Босния және Герцеговина Уругваймен, Литва Боливиямен, ал Люксембург Қытаймен ойнайды.