УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы матчты эстондық төрешілер бригадасы басқарады.
Кездесудің бас төрешісі болып Эстония өкілі Кристо Тохвер тағайындалды. Оған бүйір сызықтарда отандастары Сильвер Кыйв пен Сандер Сага көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Карл Коппель атқарады.
VAR жүйесіне эстондық Марко Лийва жауап береді, ал оның көмекшісі Юрий Фришер болады.
Қазақстан — Фарер аралдары матчы 6 қазан, сейсенбі күні «Астана Аренада» өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Бұл — турнирдің жалпы кезеңіндегі төртінші тур ойыны. Бұған дейін Джон ван ’т Схип шәкірттері Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсіп, Словакия мен Молдоваға 1:2 есебімен жол берген болатын.