Аичи мен Нагояда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында 29 қыркүйекке жоспарланған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды. Бұл күні ел намысын бірнеше спорт түрінен өкілдер қорғайды.
05:00 — жағажай волейболы, ерлер, 1/8 финал: Сергей Богату / Кирилл Гурин.
05:00 — садақ ату, классикалық садақ, ерлер, жеке сын, 1/16 финал: Ильфат Абдуллин және Даулеткелды Жанбырбай.
05:30 — ауыр атлетика, әйелдер, 86 килограмға дейін, финал: Айғаным Жанболат.
05:42 — кураш, ерлер, 66 килограмға дейін, 1/16 финал: Нұр Аманшүкіров. 06:00 — кураш, әйелдер, 87 килограмнан жоғары, 1/8 финал: Арайлым Шегенова.
06:00 — велотрек, ерлер, командалық спринт, іріктеу: Данияр Шаяхметов, Дмитрий Рязанов, Кирилл Курди. Сол уақытта теннистен де бірнеше кездесу өтеді: Юлия Путинцева мен Соня Жиенбаева әйелдер арасындағы жекелей сында 1/8 финалда, ал Тимофей Скатов пен Александр Шевченко ерлер арасындағы жекелей сында 1/16 финалда өнер көрсетеді.