Қазақстан құрамасының ушу-санда өкілі Әлижан Аблағатов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Жарыс Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Аблағатов Вьетнам өкілі Чыонг Ван Чуонгпен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жекпе-жекке келмеді.
Осының нәтижесінде қазақстандық спортшыға техникалық жеңіс жазылып, ол турнирдің жартылай финалына өтті. Енді Әлижанның келесі қарсыласы қалған ширек финал кездесулерінен кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық спортшы Абдулрашид Абдуллаев та өз кезегінде ширек финалдағы жекпе-жегін өткізеді. Ол 75 келіге дейінгі салмақта непалдық Манарджан Сандживпен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.