weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 27
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Александра Ле әлем чемпионатының финалына шықты

Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Александра Ле іріктеуден сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Ол 50 метрден үш қалыпта нысана көздеуде 590 ұпай жинап, үздік сегіз спортшының қатарына кірді.

Александра Ле әлем чемпионатының финалына шықты Александра Ле әлем чемпионатының финалына шықты
Sports.kz

Қазақстан құрамасының мылтық атудан өкілі Александра Ле Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеу сынын сәтті еңсерді.

Ол 50 метр қашықтықтан үш қалыпта атылатын кіші калибрлі винтовка жаттығуында 590 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Осы нәтиже оған финалға жол ашты, ал шешуші кезеңге ең үздік сегіз мерген өтті.

Іріктеуде Ұлыбритания өкілі Сеонайд Макинтош 597 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад (594), үшінші орынға сербиялық Александра Стоядинович (593) ие болды.

Финал 9 қараша күні өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.