Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында ширек финалдық жекпе-жегін өткізіп, ел қоржынына кемінде қола медаль сыйлады.
57 килограмға дейінгі салмақта Тұрсынғалидің қарсыласы сенегалдық Хадидиату Бойро болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға бірауыздан, 5:0 есебімен берді.
Осы нәтижеден кейін Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті. Бұл медаль — Қазақстанның 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы бокстан алғашқы жүлдесі.
Бойро турнирдегі жарысын аяқтады. Қазақстан бокстан бұл жарыста үш спортшымен өнер көрсетіп жатыр: әйелдер арасында Марал Төлепберген 54 килограмға дейінгі салмақта, ал ерлер арасында Бибарыс Аширбай 70 килограмға дейінгі салмақта сынға түсуде.
Жасөспірімдер Олимпиадасындағы бокс жарыстары 7-12 қараша аралығында өтеді. Турнирге 73 елден 114 боксшы қатысып, медальдар 10 салмақ дәрежесінде — бес әйелдер және бес ерлер санатында сарапқа салынады.